Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда екі азамат туысының қарызы үшін оқушы қызды пышақпен қорқытқан

Теміртау қаласында туысы қарызын қайтармағаны үшін 9-сынып оқушысын пышақпен қорқытып, оны өлтіретін айтқан.

f6bbc68a97f14e52f68de4dc951d5588

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл оқыс жағдай оқушы қыз таңертең мектепке сабаққа бара жатқанда болған. Екі ер адам қыздың мойнына пышақ тақап қорқытқан. Бұл жайлы оқушының ата-анасы полициға хабарлаған.

Оқушының ата-анасы бұл жайтқа полицейлерің немқұрайлы қарғанын, олардың шабуылдаушылардың суретін көрсетуді сұрағанын айтты.

«Мен «әке» деп айтып үлгермедім. Егер мен тағы да айқайласам, ол мені өлтіретінін айтты. Олар менің, әкемнің атын айтып, мекен-жайымды атады. Ағамның қарызы бар екенін, егер бір аптада қайтармаса, мені өлтіретіндерін айтты», – дейді зардап шегуші Светлана.

«Шабуылдаушылармен селфиге түсуіміз керек пе еді? Біз одан баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзет қоюды сұрадық. Қандай да бір шара қолдану керектігін айттық. Олар бұл үшін ақы төлеу керектігін айтты», – дейді қыздың анасы Елена.

Қыздың ата-анасы оған туысының таныстары тиіскен деп болжайды. Туысының шынында да қарызы көп екенін айтады. Ондай жағдайда шабуылдаушыларды табу қиынға соқпайтынын ескертті. Ата-анасы полицияға шабуыл жасағаны жөнінде арыз жазғанымен, оқушының қауіпсіздігін қолға алу мәселесі ешкімді қызықтырмағанын алға тартты. Ал, прокуратурада егер шабуыл жөнінде іс қозғалса, қауіпсіздік мәселесі де қолға алынуы керектігін айтты.

«Егер қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, оның қауіпсізігіне қатысты шара қолданылады. Оны сақтандыру керек. Ішкі істер органы қызметкерлері үнемі күзетте болу керек», – дейді Қазыбек би аудандық прокуратура бөлімінің жетекшісі Әділ Мұхамеджанов.

Бақылау органы бұл істі қолға алатындарын мәлімдеді. Ал, оған дейін оқушы қызды мектепке әкесі апарып-әкеліп жүр.

«Менің қызыма біреу келіп пышақпен қорқытып тұрса, мен онікі дұрыс деп қарап тұрмаймын ғой. Балтаны алып бір ұратын едім», – дейді қыздың әкесі Михаил.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды

Астанада полицейлермен жанжалдасқан балалар қарапайым отбасыдан болып шықты (видео)

Сабағына үлгере алмаған “Болашақ” студенті 25 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді

Талқылау