Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда екі туысы бес жасар баланың көз алдында қаза болды

Теміртауда екі адам картоп тазаламақ болып қаза болды.

2178622

Бұл оқиға 21 маусымда гаражда болған, деп хабарлайды etemirtau.kz жергілікті басылымы.

“Негізгі себеп, екі адам жер қоймаға түсіп, ескі картоптан тазартпақ болады. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөлетіні белгілі. Тиісінше, погреб көлемінде көмірқышқыл газы пайда болған, яғни оттегі жоқ болған. Жерқоймаға түскен адамдарға ауа жетпей, тұншығып қаза тапқан”, — деп түсіндірді Теміртау төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы Арман Алпысбаев басылымға.

Бірінші болып  жерқоймаға түскен ер адам есінен танып қалған. Ал әйел адам оған көмектесемін деп, жерқойма есігіне кептеліп қалған болса керек. Мұның бәрі бес жасар бүлдіршіннің көз алдында болған. Туысқанының денесін көріп, бала көмек шақырыпты. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөліп, оттегін түгелдей жұтып қояды. Бөлмеде көмірқышқыл газы бар-жоғын тексеру үшін, жанып тұрған қағазды тастау керек – от бірден өшіп қалса, бөлмеге кіруге болмайды деген сөз.

Тағы да оқыңыз:

Мына 7 ережені орындасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады

“Қазақ хандығы” сериалында Жəнібек ханның шешесін сомдаған атақты актриса көз жұмды

Димаштың 60 жастағы фанаты оны Америкадан арнайы іздеп келді

Талқылау