Теміртауда болған атыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді
Қарағанды облысының дәрігерлері 20 жастағы жігіттің оқ жаудыруынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтып берді.
Бұл туралы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Бір науқас Теміртау қаласының орталық ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады. Ал екінші науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, оның денсаулық жағдайы қазір тұрақтанды. Қалған үш зардап шегуші амбулаториялық жағдайда босатылды», – деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Айта кетейік, Теміртау қаласында болған атыстан кейін бес адам жарақат алған болатын. Полиция қызметкерлері осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24 және 99-баптарының 2-бөлігіне сәйкес алдын ала тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.
Оқи отырыңыз:
Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды
Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ
Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Білім беру басқармасы жауап берді