Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда бүтін бір отбасы саңырауқұлақтан оңбай уланып ауруханаға түсті

Теміртау дәрігерлері қолмен жинап алған саңырауқұлақты жеп уланған анасы және оның екі қызының өмірін құтқарып қалды.

Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлайды.

Әсіресе 9 жасар қыз қатты зардап шеккен. Ол бірнеше күн бойы жағдайы ауыр күйде жансақтау бөлімінен шығарылмаған. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін күресті.

“Атропинке ұқсас заттан уланып ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Саңырауқұлақтарда, әсіресе, өтірік сазқатпада сондай зат бар: ол көз қарашығының ұлғайып, көздің бұлдырап, жайсыздықтың өршуін, іш ауруын, бас ауруын арттырып жібереді”, – дейді Теміртау балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Сергей Александров.

Бірер күн бұрын ғана қыздарды палатаға шығарған. Мамандар мұндай қатты улану соңғы бес жылда бірінші рет кездесіп отыр дейді. Және олар саңырауқұлақ теру кезінде ерекше мұқият, сақ болуға шақырады.

“Біріншіден, саңырауқұлақтың өзіңіз білетін түрлерін теріңіз. Егер күмәндансаң, қандай екенін білмесең алмаған абзал”, – дейді Александров.

Былтыр СҚО-да саңырауқұлақтан уланып бүтін бір отбасы көз жұмған еді. Дәрігерлер олардың өмірі үшін бір апта бойы күрескенімен, еш нәтижесіз аяқталды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандылық әйел жігітке итін айтақтап талатып тастады

Асқазанда құрт барын қандай белгілерге қарап білуге болады?

Кесте: Бойыңыз бен салмағыңыздың сәйкестігі қалай болу керек?

Ғалымдар семіз әйелдердің ауру баланы өмірге әкелетінін анықтады

Талқылау