Теміртауда 1 жарым жасар сәбидің өліміне дәрігерлердің немқұрайлығы себеп болған
Комиссияның тексеруі бойынша, Теміртауда 1 жарым жасар сәбидің өліміне дәрігерлердің немқұрайлығы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Теміртау орталық ауруанасының инфекциялық бөлімшесі персоналының медициналық қызмет көрсетуі кезінде кемшілік анықталды. ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылықтың (медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамау) белгілері зерттеліп жатыр. Материалдарды терең түрде зерттеудің қорытындысы бойынша, комиссия келесідей шешімге келді: Аслан Манасовтың өлімі бас миының ісінуі, мұның артынша ішкі ағзалардың түтікшелерін вирустардың зақымдауы салдарынан болған», – дейді Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ольга Смирнова.
Аталып өткендей, комиссия барынша ашық түрде, Аслан Манасовтың ата-анасының құжаттармен танысу мүмкіндігіне жол аша отырып жұмыс жүргізген. Комиссия құжаты Теміртау қаласының ІІБ-не жолданған.
Айта кетейік, 2018 жылдың 3 қаңтарында Теміртаудағы инфекциялық бөлімшесіне Аслан Манасов есімді сәби жедел жәрдеммен жеткізілген. Бір жарым жастағы сол күні шетінеген болатын. Баланың анасы Мақпал Жарылқасынованың айтуынша, дәрігерлер баланы жансақтау бөліміне жатқызып, жіті түрде ем жүргізу өтінішін елеусіз қалдырған.
Осы жағдайға байланысты Теміртау ауруханасы мен Қарағанды облысы инфекциялық ауруханасының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты
Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді
Іздеуде жүрген 17 жастағы қыз Алматыдағы жезөкшелер үйінен табылды