Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейвін УЕФА үздіктер қатарына қосты

Темірлан Анарбеков ауруханадан шықтыФото: “Қайрат” фк

Чемпиондар лигасының 6-туры барысында Темірлан Анарбековтің кезекті сейві үздіктер қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 желтоқсанда "Қайрат" Астана Аренада Грекияның "Олимпиакосын" қабылдады. Матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Алайда ойын бойы Темірлан Анарбеков қақпаны бірнеше қауіпті сәттен аман сақтап, командасын талай голдан құтқарып қалды.

УЕФА ресми түрде Анарбековтің екі сейвін турдың үздік сейвтері қатарына қосты.

Сонымен қатар үздік сейвтер қатарына "Спортинг" қақпашысы Руй Силваның, "Славия" ойыншысы Индржих Стинекадың және "Марсель" қақпашысы Херонимо Рульидің сейвтері де енгізілді.

Бұған қоса, "Олимпиакоспен" өткен матчта Темірлан Анарбеков 9,2 балл жинап, "Ең үздік ойыншы" атанды.

Айта кетейік, "Қайрат" негізгі кезеңдегі алты ойында әзірге бір ғана ұпайға ие. Команда "Пафоспен" (0:0) тең түсіп, "Спортингтен" (1:4), "Реалдан" (0:5), "Интерден" (1:2), "Копенгагеннен" (2:3) және "Олимпиакосттан" (0:1) жеңіліс тапты. Алда "Арсенал" және "Брюггемен" маңызды матчтар күтіп тұр

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 14:03