Тележоба арқылы сүйіктісін іздеген британиялық жігіт өзіне қол жұмсап тынды
Британиялық Take Me Out реалити-шоуының жұлдызы Чарли Уоткинс шоколад музейінен қуылғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады.
Бұл туралы The Sun хабарлайды.
22 жастағы Уоткинс York Chocolate Story шоколад музейіне оқуын аяқтаған соң жұмысқа орналасқан. Сынақ мерзімінен өтіп жүрген кезде ол романтикалық телебағдарлама арқылы өзіне жар тапқысы келеді.
Уоткинс үшін бағдарлама сәтті болып, тіпті қатысушылардың бірімен романтикалық кездесуге аттанады. Түсірілім алаңында болған төрт күн ішінде жоба шарты бойынша ол ұялы телефон пайдаланбауға және өзінің қайда екенін ешкімге айтпауға тиіс болған.
Нәтижесінде жас жігіт жұмыс орынындағы сынақ мерзімінің шартын бұзып, жұмыстан қуылады. Құрбысының айтуынша Уоткинске жұмысы өте қатты ұнаған.
Бірнеше ай өткен соң жігіт өзіне қол жұмсайды. Жұмыстан айырылып қалғанына қапаланғаны сонша, депрессияға қарсы дәрі-дәрмек те қабылдап көріпті.
Оқи отырыңыз:
Егіз қыздарды шатастырып алған жігіт жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды
Ауғанстандық босқындар кезек-кезек неміс қызды зорлап тастады
Римде жас жігіт 57 жастағы әйелді зорлап бағанаға байлап кеткен