Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Асхат Садырбай жол апатына түсіп, ауруханада емделіп жатыр

Тележүргізуші Асхат Садырбай  Бішкекке барар жолда жан түршігерлік жол апатына түсіп, аман қалды. Журналист он күннен астам уақыт аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдағаннан кейін, қайғылы жағдайдың қалай болғанын өзі айтып берді,-деп хабарлайды stan.kz сайты.

асхатт

“20-мамыр күнi журналистердiң жиынына Бiшкекке жолға шыққанбыз. Бiз мiнген такси Қордайға жете бергенде дөңгелегi жарылып 70 метрге дейiн аунап кетiп авария болды. Мен өзiм артқы орындықта ұйықтап отырғам, ештеңе де түсiнiп үлгерген жоқпын. Көзiмдi Алматыдағы аурухана реанимациясында аштым. Қасымдағы адамдардың жағдайынан бейхабармын, Мен терезеден ұшып кеткем бас сүйекке, миға қатты соққы алып, бiр-екi жерім сынып Құдайдың қалауымен аман қалдым, содан әлi емделудемiн. Әлгi таксиге қашан, қалай отырғаным есiмде жоқ. Дөңгелектерi өте ескi екен, қатты жылдамдықпен келе жатқанда жарылып кетiптi”,-дейді Асхат Садырбай.

Тележүргізуші бұдан кейін желідегі парақшасына болған жайтты жазғандағы мақсатын түсіндіре кетті.

“Содан аунаған күйі 70 метрге дейін ұшып барған. Көлік иесі сол жерде көз жұмыпты. Алланың қалауымен аман қалдық, сансыз шүкiр. Мұны басқаларға сабақ болсын деп жаздым, таксиге отырарда көлiктi де жүргiзушiнi жақсылап тексерiп алыңыз. Оның үстiне бұл ақпаратты басқаша бұрмалап та айтып жүргендер бар екен, расын өз аузымнан естiген дұрыс болар деп шештiм. Біздің апатқа түскенімізді ести сала жедел жәрдем мен сауатты дәрігердерді жылдам жұмылдыруға атсалысқан аға-әпкелерге, іні, дос бауырларға алғысым шексіз. Сіздерден Алла разы болсын. Мен әлі ем алып біраз уақыт жататын сияқтымын. Ең бастысы бас аман, шүкір”,-деп қорытындылады Асхат Садырбай болған жағдайға байланысты өз ойын.

Талқылау