Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

67 адам тіркелген: Қазақстандықтарды суицидке итермелеген Telegram-арна анықталды

Алматы прокуратурасы әлеуметтік желіде өзіне қол жұмсауды көрсететін күдікті контенттерді бұғаттады. Солардың қатарында 67 адам тіркелген Telegram-арнасы да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Алматы қаласының прокурорлары күйзеліске толы контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады. Тексеру барысында 67 оқырманның арна әкімшілерінен суицидке бағытталған командалар алғаны белгілі болды. 

“23 қыркүйек күні сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.


Депутат 13 жасқа толмаған балаларға TikTok-ты тыйым салып, Face ID арқылы кіруді ұсынды


Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңызды екенін және күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну керегін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі TikTok-тың оқушыларды өзіне қол жұмсауға итермелейтінін айтып, оны бұғаттау туралы ұсыныс жасаған еді.

Талқылау