Tele2/Altel Contact Center World-тан алтын алды
Tele2/Altel беделді Contact Center World премиясының иегері атанды. Оператордың байланыс орталығы бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы "Ірі байланыс орталықтары" санатында үздік атанып, алтынға ие болды. Қазақстан үшін бұл осындай ауқымдағы алғашқы премия. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сергей Назаренко, Tele2/Altel-дің бас директоры:
"Ай сайын біздің байланыс орталығымызға миллионға жауық өтініш келіп түседі. Бұндай масштабта әрине, автоматтандыру және цифрландыру - бұл жылдамдықты, жеделдікті, ақпаратты жылдам іздеуді және жеке деректерді қорғауды қамтамасыз ететін құралдар. Бірақ шынайы сервис, жанашырлық және қамқорлық сыйлайтын тек адам ғана. Біздің қызметкерлеріміз - байланыс орталығының жүрегі. Олардың жұмысы, әр клиентке деген назары мен қамқорлығы бізді клиенттік тәжірибе беруде ең үздік етіп жасайды. Ал технологиялар қызметкерлерге әр клиентпен жеке жұмыс істеуде ғана көмектеспейді, сондай-ақ олардың дамуларына септігін тигізеді. Біз боттармен, сөйлеу аналитикасымен, сапаны автоматты бақылау жүйелерімен жұмыс істеуді үйреніп жатырмыз. Бұл біздің қызметкерлерімізге компанияда жұмыс істеуге, оқуға және кәсіби өсуге үлкен мотивация береді".
Байқаудың алғашқы кезеңі компания атауы, бренді және қатысушы елі аталмай өтті. Ол үшін номинаттар бағалау парағының 97 тармағы бойынша деректер ұсынды. Байқаудың екінші кезеңінде финалистер қазылар алқасы мен қатысушылардың алдында өз жобаларын қорғады.
Tele2/Altel байланыс орталығы "Қолда бар технологияларды барынша пайдалану арқылы клиенттермен қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейту" тақырыбында презентация ұсынды, сондай-ақ қазылар алқасы және қатымушылармен компаниялар клиенттік орталықтандырылған модельді дамытуға көмектесетін үздік практикалық шешімдермен және үздік кейстермен бөлісті.
Ольга Федорова, Tele2/Altel-дің клиенттерге қызмет көрсету бойынша қызметінің директоры:
"Біз клиенттерден келіп түскен өтініштермен жұмыс істеу бойынша кейстестерді ұсындық. Олардың негізінде дербестелген және датацентрикалық тәсіл, онлайн-мониторнинг пен есеп берудің автоматтандырылған жүйесі, сондай-ақ компания бөлімшелерінің тығыз кросс-фунционалды коллаборациясы жатыр. Себебі бақытты қызметкерлер компания беделіне және брендке деген адалдыққа оң әсер етеді".
Contact Center World премиясы 2006 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтіп келеді. Оның негізін қалаушы - 80-нен астам елді біріктіретін Contact Center World халықаралық байланыс орталықтары қауымдастығы. Биыл байланыс орталықтары арасындағы ең беделді награданың финалы Австралияда өтті.