Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Техаста болған атыста 27 адам құрбан болды

Техас штатының оңтүстігінде болған оқыс оқиға расталды. Яғни белгісіз ер адам шіркеуде оқ жаудырып, нәтижесінде 27 адам жарақат алып, тағы 27 адам қайтыс болған.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Саутерленд-Спрингс орналасқан Уилсон округі әкімшілігінің өкілі Альберт Гоместің айтуынша, оқыс оқиға салдарынан көз жұмғандардың саны 27 адамға жеткен. Мұнымен қатар, ол аталған ақпараттың сол уақытта нақты тексеріліп үлгермегенін жеткізген болатын.

Ал Уилсон округінің шерифі Джо Тэкит жиырмадан астам адамның қаза болғанын айтты. Шіркеуде оқ жаудырған белгісіз ер адамды полиция атып өлтірді. Дәл қазір оқиға орнында федералдыө тергеу мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Жарақаттанғандар ауруханаға тікұшақтың көмегімен жеткізілген екен. Техас губернаторы Грег Эбботт өз кезегінде құқық қорғау органдары мен аурухана қызметкерлеріне алғыс білдірді. Саутерленд-Спрингс қаласының тұрғындарыны саны 400 адамға жуықтайды.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-тың Техас штатында белгісіз адам шіркеуде оқ атты

Тұрмыстық техника тиелген ГАЗель жеңіл автокөлікпен соқтығысты

Маңғыстаулық жігіт өз әкесін буындырып өлтірді

Қостанайлық қыз 5-қабаттан секіріп кетті

Талқылау