Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Техаста бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған ер адамның кім екені анықталды

Бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған Келли АҚШ-тағы ВВС-де қызмет еткен. Мұнымен қатар, жексенбілік мектептерде сабақ берген.

Бұл туралы Daily Beast басылымы хабарлайды.

Полиция оның террористік топтармен ешқандай байланысы жоқ деген болжам жасады. Дәл қазір тергеушілер оның әлеуметтік желідегі жазбаларын тексеріп жатыр. Ал үйін тексеріп үлгерген екен.

5 қараша күні оқыс оқиға салдарынан 26 адамның ажал құшқаны анықталған болатын. Олардың арасында дін қызметшісінің қызы, жүкті әйел және екі жасар бүлдіршін бар. Мұнымен қатар, көптеген адам ауыр жарақат алған. Дональд Трамп өз кезегінде оқыс оқиға құрбандарының отбасына көңіл айтып, өзінің іссапарда жүргенін жеткізген.

Естеріңізге сала кетсек, әскери киімдегі ер адам шіркеуге кіріп оқ жаудырған. Артынша ол өлі күйінде табылған. Мұнымен қатар, бастапқыда 27 адамның көз жұмып, тағы 27 адамның ауыр жарақат алғаны айтылған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-тың Техас штатында белгісіз адам шіркеуде оқ атты

Тұрмыстық техника тиелген ГАЗель жеңіл автокөлікпен соқтығысты

Маңғыстаулық жігіт өз әкесін буындырып өлтірді

Қостанайлық қыз 5-қабаттан секіріп кетті

Талқылау