"Тек жылаумен болдым": Айжан Байзақова жүкті екенін көрсетті
Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/
Танымал блогер Айжан Байзақова жақсы жаңалыңын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы үшінші мәрте жүкті болғанын көрсетті.
“Маусым айында Мальдивтен келген соң жүкті екенімді білдім. Шок болдым, өйткені үш жыл демалуды жоспарлап жүргенбіз. Екі апта ауруханада жаттым. Ұшулар мен іс-шаралардан бас тартуға тура келді. Тек жылаумен болдым, ал Нұрбек жанымда болып, көңілімді көтеруге тырысты", – деп бөлісті Байзақова.
Блогердің сөзінше, болашақ сәбиінің жынысын әлі білмейтін көрінеді.
“Бәрін Аллаға тапсырдым. Жолдасым да уайымдаудың қажеті жоғын айтты. Стресс пен күйзеліске де түспеуге тырысамын. Осы сәтте жүктілігі ауыр өтіп жатқан барлық қыз-келіншектерге жылулық сыйлағым келеді. Алдағы аптада гендер пати жасаймыз. Сіздің ойыңызша, ұл туам ба, әлде қыз ба”, – деп жазды Айжан.
Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/
Еске салайық, блогердің енесі алғаш рет келінін көргенде жылап жібергенін жазған едік.

"443 мың теңге айыппұл”: Қазақстандықтар екі-үш жерде жұмыс істесе қандай жауапкершілікке тартылады
