Тек махаббат пен сенім: Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді
Танымал продюсер Баян Алаөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып, бала тәрбиесіндегі өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Алагөзованың сөзінше, бала есейгенде, онымен арадағы қатынас тек сенім мен махаббатқа негізделуі тиіс.
«Қызың бойжеткенде, тек ана емес, дос болып қалуды қалай жүзеге асыруға болатынын ойлайсың. Себебі кшкентай балаң өсті, тіпті, өзіңді де әлденеге үйрете алады. Тек махаббат пен сенім керек. Тіпті, балаңыз қателесіп жатса да, кінәлап, жазғыруға болмайды», – жазды Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, продюсер мектептегі ата-аналар жиналысына ешқашан бармағанын мойындады.
«Мен ешқашан балаларыма шарт қойып, тыйым салып, ережемен өмір сүруін талап еткен емеспін. Достарымен, құрбыларымен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынасына араласпадым. Тіпті, қатты сенгендіктен, мектептегі жиналыстарға да барған емеспін. Мен – осындай анамын. Бұрын «Балаңызды тәрбиелемеңіз, өзіңізді тәрбиелеңіз. Себебі балаңыз өзіңізге ұқсайтын болады» деген жолдарды оқыған едім. Менің жаман не жақсы екенім маңызды емес. Мен үшін осы сөздер маңызды», – дейді продюсер.
Айта кетейік, Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шықпақшы екен.
Оқи отырыңыз:
Жанар Айжанованың қызы бетін адам танымастай етіп бояп жұртты шошытты (видео)
Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты (фото)
Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен
Жасарып кетіпсіз: Шашын қысқа қылып қиып тастаған Баян Алагөзованы көпшілік танымай қалды