Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегіңізді қандай жағдайда ауыстыруға рұқсат етілетінін білесіз бе

Әділет министрлігінің  ресми өкілі  Олжас  Рамазанов  жеке парақшасында азаматтардың қандай жағдайда тегін ауыстыруына  рұқсат берілетінін жазды.

құжат

Ол үшін  заңда көрсетілген 13 себеп болуы керек

«Бүгін маған Әділет министрлігінің қызметкері ретінде  мынадай сұрақтар қойылды: Құжаттағы фамилияны қандай жағдайда ауыстыруға болады? Олай болса, құжаттағы тегіңізді, есіміңіз бен әкеңіздің атын ауыстыруға болатын 13 жағдайды атап айтып берейін»,- деп жазды Рамазанов.

13 жағдай:

  • Есіміңіз,тегіңіз жағымсыз естілсе.
  • Айтылуы қиын болса
  • Егер ерлі-зайыптылар тіркелу кезінде өз тегінде қалып, кейіннен бір текті ұстауға бекінсе.
  • Ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда бұрыңғы тегін қайтара алады.
  • Бірінші некеден туған балаларды екінші отбасының тегіне ауыстыруға болады.
  • Жұбайының қазасына орай бұрыңғы тегін алуына болады.
  • Жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі тегімен қалған адам, зайыбының тегіне ауыса алады.
  • Екі түрлі ұлт өкілдерінің некесінен туған бала кейіннен өзіне ұнаған ұлтты таңдап, сол тілдегі текті, есімді таңдай алады.
  • Өмірде құжаттағы есімнен бөлек ат иемденіп, соған үйреніп кеткен жағдайда құжатын жаңарта алады.
  • Некелесу кезінде жұбының тегіне өткен адам кейіннен бұрыңғы тегіне ауыса алады.
  • Ұлттық дәстүр бойынша атасының немесе әкесінің тегіне ауысқысы келген адам құжатын жаңалай алады
  • Өзін тәрбиелеген адамның аты- жөнін, тегін алуына рұқсат етіледі.
  • Адам жынысын өзгерткен жағдайда өз тегін ауыстыра алады.

Оқи отырыңыз:

Қазақтар жалқау: Барлау қызметіндегі Қазақстан жайлы құпия құжаттар

Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

Димаштың шетелдік тыңдармандары Абайды зерттеп жүр

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

Талқылау