"Тегін тамашалай алады": Роза Әлқожа күміс тойын YouTube арқылы жасамақ
Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/
Танымал әнші Роза Әлқожа мен жолдасы күміс той жасап, жақындарының басын қосады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің сөзінше, биыл жолдасымен шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толыпты.
"Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Сілтемесін саламыз. Қалыңдық көйлегін дизайнер Аида Кауменова тігіп жатыр”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жұбайларға ақжарма тілектерін жазып жатыр.
“Құтты болсын!”, “Жап-жас болып тұрсыздар”, “Қандай керемет сәттер”, “Биыл жолдасым екеуміздің шаңырақ көтергенімізге 25 жыл толады”, “Гауһар тойға аман-есен жетіңіздер”, “Шын бақытты отбасы осындай болса керек”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын 8743 адам онлайн көргенін жазған едік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
