Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегеран Израильдің шабуылынан соң БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады

Израильдің Иранға жасаған шабуылынан соң Тегеран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

иран

Фото: ru.apa.az

"Иран Ислам Республикасы қауіпсіздік кеңесінің төрағасынан заңсыз әрекеттер мен бұл қылмыстық режимді жауапқа тартуды қарастыру үшін шұғыл отырыс өткізуді сұрайды", - делінген Иран өкілі Саид Ираванидің БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Антониу Гутеррешке жазған хатында. 

26 қазанға қараған түні Израиль әскері Иран нысандарына әуе шабуылын жасаған еді. БАҚ мәліметінше шабуылға 100-ден аса ұшақ жұмылдырылған. Олардың ішінде жойғыш ұшақтар да бар. 

Талқылау