Театр және кино әртісі Айша Абдуллина дүниеден өтті
103 жасында театр және кино майталманы, Ұлы Отан соғысының ардагері Айша Абдуллина дүниеден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: mavubu.ru сайтынан
Қайғылы хабар жайлы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының баспасөз-қызметі мәлімдеді.
"Айша Абдуллина 1916 жылы Алматыда дүниеге келген. Өзінің шығармашылық карьерасын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында бастаған. 1936 жылы Мәскеуде Жамбыл Жабаевпен және Күләш Байсейітовомен бірге бір сахнада өнер көрсеткен", - делінген баспасөз хабарламасында.
Әртісті ақтық сапарға шығарып салу салтанаты 28 қараша күні сағат 9- да Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында болады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі