Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тбилиси мэрінің айдай сұлу әйелі Ануки Ашеридзе әлем назарын аударды (фото)

Ануки Ашеридзе – Грузия еліндегі ең беделді әрі танымал әйелдердің бірі. Бүгінгінің жастары оны өзіндік стилі бар сәнқой әйел ретінде таниды. Ол ел астанасы Тбилиси басшысының заңды жұбайы, үш ұлының анасы. Бұдан бөлек, Ануки Ашеридзе көпшілікті сұлулығымен тәнті етіп жүрген Instagram жұлдызы.

Суреттер Анукидің желідегі ресми парақшасынан алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ашеридзенің әр постын 170 мың адам қызықтап тамашалайды. Көпшілікке Анукидің қайталанбас өзіндік стилі мен суретке әдемі түсе білу қабілеті ұнайды.

Грузиялық БАҚ құралдары Ануки Ашеридзеге атақты саясаткерлердің әйелі Меланья Трамп пен Бриджит Макронды жолда қалдырады деп баға берген.

Айта кетейік, Ануки Ашеридзе – Anouki брендтік киім топтамаларының авторы. Ол Париж бен Миланда өтетін әртүрлі сән көрсетілімдеріне үнемі қатысып отырады.

Анукидің күйеуі Каха Каладзе жуырда ғана Тбилиси мэрі қызметіне тағайындалған болатын. Каха Каладзе саясатқа келмес бұрын кәсіби футболшы болған. Ал Анукидің өзі бұрын “Сухишвили” би тобында өнер көрсеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Сириядағы соғыс: Қарулы топтар тұтқындарды босатуға қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

5 жылға бостандығы айырылған Гүлнәр Кәрімова жақын күндері тағы да сотталмақ

Бір топ адам әйелдің киімін киген жігітті соққыға жықты (видео)

Құран аяттарын жатқа айтқан тотықұс жұртты тамсандырды (видео)

Талқылау