Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәжірибелі офицер": Ішкі істер министрі Талғардағы қылмыстан кейін Бауыржан Әленовтің жоғары лауазымға ауысқанына пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін Бауыржан Әленовтің жоғары лауазымға тағайындалуы жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

әленов

Фото: gov.kz

Ішкі істер министрінің сөзінше, күштік құрылымдарда "кадрлық резерв" жүйесі бар. 

"Сіз айтып отырған азамат – тәжірибелі офицер, кадрлық резервте болған. Бір қылмыспен бағалауға болмайды, тағайындау туралы шешім бұрын қабылданған. Әрине, шешім бір күнде қабылданбайды. Дәл сол уақытта (Әленов басқа қызметке ауысқанда) қылмыс орын алды. Салдарынан адам өлді. Бірақ бізде мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік бар. Қылмысты ашу үшін тергеу ұйымдастырылды, бұған өзі де қатысты. Процессуалдық мерзім екі ай. Тергеу кезеңінде барлық мән-жай анықталады деп ойлаймын", – деді ол.

Еске салайық, Бауыржан Әленов 7 қазанда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Алматы облыстық полиция департаментін басқарған. 

Ал 4 қазанда Талғар қаласында төбелеа кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатын алып, көз жұмған еді.  

Талқылау