Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда тура той басталар алдында билік тамақтарды тәркілеп әкетті

Тәжікстанның оңтүстігінде Куляб қаласына жақын жердегі Дахана ауылында тұратын Зайдулло Худойоровтың әулетінде келеңсіз оқиға болды. Жеті баланың әкесі Зайдулло үлкен қызын ұзатқалы жатқан. Тойға бірнеше сағат қалғанда Худойоровтың үйіне жергілікті әкімшіліктен бірнеше адам келіп, той тағамдарын тәркілеп әкеткен.

Безымянный

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

Билік өкілдері банкетке тым көп тағам әзірленгенін, мұның ысырапқа жататынын және той, жерлеу, ас сияқты отбасылық шаралардағы шығындарды реттейтін жаңа заң талаптарына қайшы екенін айтқан.

“Рейд кезінде күйеу жігіттің үйінде арнайы тоқаш, халуа сияқты ысырап болатын тағамдардың тым көп әзірленгенін байқадық. Кедей отбасы тым көп ысырап жасаған. Тағамдарды тәркілеп, оны Куляб психиатриялық ауруханасына тапсырдық”, – дейді Тамыздың 26-сы күні Худойоровтың үйіне рейд жүргізуге қатысқан жергілікті әкімшілік өкілі Холмурод Иброхимов.

Жергілікті халық «танзим» деп атайтын бұл заң алғаш рет 2007 жылы қабылданған. Сол кезде президент Эмомали Рахмон аста-төк той мен жаназа қонақасылары халқының көбі кедей тұратын Тәжікстандағы отбасыларға «ауыр салмақ салады» деп мәлімдеген.

44 жастағы жеті баланың әкесі – Худойоровтың тұрақты жұмысы жоқ, ол анда-санда болатын кездейсоқ жұмыстардан және бақшадағы жеміс-жидекті сатудан нәпақа айырып күнелтеді.

Тәжіктердің дәстүрі бойынша, қыз ұзататын отбасының жамағайындары той дастарқанына салатын тағамдарды алдын-ала әкеледі. Отағасы «әйеліме және туыстарға үйлену тойына арнап тамақ пісірмей-ақ қояйық» деп айтқанмын дейді.

Той-томалақтың шығынын шектейтін заңды бірінші рет бұзғаны үшін АҚШ ақшасына шаққанда 4 мың доллар айыппұл салынады. Ал бұл әрекет екінші рет қайталанса, 5 мың 700 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеу керек. Мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 150 доллардан аспайтын Тәжікстанда мұндай үлкен айыппұл енгізген үкімет осы арқылы халықты үнемшілдікке үйретуді көздегендерін айтады.

Оқи отырыңыз:

Егіз қыздарды шатастырып алған жігіт жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды

Ауғанстандық босқындар кезек-кезек неміс қызды зорлап тастады

Римде жас жігіт 57 жастағы әйелді зорлап бағанаға байлап кеткен

Сирияға кеткендерден туыстары күдер үзген

Талқылау