Тәжікстанда бақсы-балгерлерге ғана емес, оларға жүгінгендерге де айыппұл салынбақ

Тәжікстанда бақсы-балгерлерге ғана емес, олардың клиенттеріне де айыппұл салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тәжікстанның әділет министрлігі бақсылар мен көріпкерлердің қызметіне жүгінгендерге әкімшілік жауапкершілік енгізетін түзетулер әзірледі.
Жаңа ережелерге сәйкес:
- Бақсы-балгерлерге салынатын айыппұл 7 500 сомониға дейін көбейтілген (шамамен 790 АҚШ доллары).
- Көріпкерлерге жүгінгендерге 375-750 сомони айыппұл төленуі мүмкін (шамамен 40-80 АҚШ доллары).
Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, биылғы алғашқы 6 айда 495 заңсыз әрекет тіркелген.
Еске салсақ, бұған дейін Тәжікстанда балгерлер, көріпкелдер мен емшілер мәжбүрлі жұмыстарға жіберілетіні туралы жазған едік.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті