Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілді

Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілдіФото: depositphotos.com 

2026 жылғы 3 наурызда Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік министрлігінің хабарлауынша, нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды. Аталған рейстермен 28 ақпанда және 1-2 наурызда ұшаққа билеті болғанымен елге ұшып келе алмаған отандастарымыз жеткізілген. 

Ведомство аталған бағытта сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіліп, жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.


Air Astana қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялау үшін төрт рейс орындауға дайын


4 наурызда Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 343 отандасымызды елге жеткізу жоспарланып отыр. 

"Жақын уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарланып жатыр", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін сыртқы істер министрлігі Ираннан қазақстандық дипломаттар елге жеткізілгенін мәлімдеген еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 19:05