Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады
Фото: pixabay.com
Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жариялады. Сондай-ақ елшілік жедел желі іске қосылғанын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды", – делінген елшілік хабарламасында.
Бұған қоса Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желілері іске қосылды.
Қазақстан азаматтары кез келген жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші),
+972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp),
+972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp),
+7 700 111 31 96 (WhatsApp).
Айта кетейік, Израиль Иранға әуеден соққы жасады, шабуыл кезінде Иранның генерал-майоры қаза тапты. Тегеранда және оның маңайында жарылыстар болып жатыр. Теграннан бөлек, Иранның Натанз және Хамедан қалаларына да әуе шабуылдары жасалғаны расталды.

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
