Таяу Шығыстағы қақтығыс бүкіл әлем бойынша МРТ аппараттарының жұмысына қауіп төндіргелі отыр

Әлемдік медициналық диагностика нарығында томографтарды салқындатуға қажет сұйық гелий тапшылығы сезіліп жатыр. Қатардан жеткізілімнің үзілуіне байланысты бұл ресурстың бағасы екі есеге қымбаттап, МРТ зерттеулерінің құны күрт өсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл наурыз айының басынан бері халықаралық нарықта гелий тапшылығы байқалып жатыр. Бұл ресурс сұйытылған табиғи газды (СПГ) өндіру барысында алынады. Алайда әлемдегі ірі жеткізушілердің бірі Қатар экспорт көлемін айтарлықтай қысқартты. Бұған елдегі газ өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар мен Таяу Шығыс өңіріндегі тұрақсыздық себеп болған.
Медицинаға әсері
Сұйық гелий МРТ аппараттарының жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Ол асқын өткізгіш магниттердің жұмысын қамтамасыз ететін өте төмен температураны ұстап тұрады. Жеткізілім толық тоқтаған жағдайда, бұл жабдықтар істен шығуы мүмкін.
"Ауруханада МРТ да, КТ аппараты да жоқ екен": Арыстық ата-ана 4 жасар баласын жер қойнына тапсырды
Мойнындағы металл алқасын шешпеген: Ер адамды МРТ аппараты тартып кетіп, қайтыс болды
Сарапшылар болжамы
Мамандардың айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы логистикадағы мәселелер сақталса, бірқатар елде диагностика қызметтері айтарлықтай қымбаттайды. Тәуекел аймағына Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Қытай және Польша кіреді. Қазір гелийдің әлемдік нарықтағы бағасы екі есеге өсіп үлгерді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда КТ мен МРТ секілді медициналық қызметтердің бағасы өсетіні туралы жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді