Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыста жағдай өршіді: Иран Израильге және Бахрейнге зымыран жаудырды

Иранның Бахрейнге соққысы

Видеодан скриншот

Иран Израиль жауап ретінде зымыран жаудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Израиль қорғаныс күштері (IDF) Ираннан Израильге қарай атылған зымырандарды анықтады.

Сонымен қатар АҚШ-тың әскери операциясынан кейін Иран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың ең ірі әскери-теңіз базасы орналасқан Бахрейнге шабуыл жасады.

Әбу-Дабиде, АҚШ әскери базалары орналасқан Кувейтте жарылыс естілді. БАӘ әуе кеңістігін жапты.

Бахрейн АҚШ-тың Бесінші флотының техникалық қызмет көрсету орталығына зымыран соққысы тигенін растады.

Сонымен қатар Иранның баллистикалық зымырандарының БАӘ-дегі Әл-Дафра әуе базасына және Кувейттегі Әли Әл-Салем әуе базасына соққы бергені туралы хабарланды.

Одан бөлек Израильдің соққысынан Тегеранда президент резиденциясы мен оның штаб-пәтеріне соққы тиген. Алайда президент Масуд Пезешкиан зардап шекпеген. 

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қазір ел аумағында емес екен. Аятолла қауіпсіз жерге әкетілген дейді.

Бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.  Содан кейін Израиль Иранға шабуыл жасады. АҚШ та Иранға қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 14:57