Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыс елдерінен рейстер жаппай тоқтатылды: Қазақстан өз азаматтарын қалай эвакуациялайды?

Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты Жедел штаб отырысын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Штаб құрамына Азаматтық авиация комитеті, “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ, “Қазаэронавигация” РМК, Air Astana, FlyArystan, SCAT және VietJet Kazakhstan әуе компанияларының өкілдері кірді. Отырыста Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі ахуал, рейстері тоқтатылған жолаушыларды қолдау шаралары талқыланды. Сонымен қатар азаматтарды баламалы әрі қауіпсіз бағыттар арқылы Қазақстанға әкелу жоспарлары айтылды. 

Қазір мына мемлекеттерде әуе кеңістігі жабық немесе жағдай тұрақсыз: Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан.

Осыған байланысты 28 ақпанда аталған елдерден Қазақстанға 14 рейс, 1 наурызда 12 рейс тоқтатылды. Ал 2 наурызға жоспар бойынша Таяу Шығыс елдерінен 13 рейс қарастырылған.


Таяу Шығыстағы жағдай: Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар туралы ақпарат жинап жатыр


Air Astana компаниясы елге орала алмай жатқан қазақстандықтарға мәлімдеме жасады


Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе компаниялары осы елдердің әуе кеңістігі ашылған жағдайда қайтару рейстерін орындау үшін ұшақ бөлуге дайын екенін білдірген. Әрі қарайғы іс-қимылдар Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жасалады. 

“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылған:

  • +7 7172 77 98 21;
  • +7 7172 79 82 13;
  • +7 7172 79 82 14.

Рейстердің мәртебесі бойынша жолаушыларға мына байланыс нөмірлеріне жүгіну ұсынылады:

Air Astana

  • +7 727 244 44 77;
  • +7 7172 58 44 77;
  • +7 702 702 44 77.

FlyArystan

  • +7 727 331 10 10;
  • WhatsApp: +7 702 702 02 27.

SCAT Airlines

  • +7 7252 99 88 80.

Qazaq Air

  • +7 727 356 14 14.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы

  • +7 7172 702 999.

Алматы халықаралық әуежайы

  • +7 727 228 00 19.

Айта кетейік, бұған дейін Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты елімізден Таяу Шығысқа баратын рейстер тоқтатылғаны туралы жазған едік. Осыдан бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған.

Жағдайдың мән-жайы

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 01 Наурыз, 2026 19:27