Тауық, қырғауыл, ұлар, торғай, бөдене етінің емдік қасиеті
Тауық еті қашанда ыстықтыққа бейім. Әсіресе мекиян тауық еті дымқыл ыстықтық болады. Көкбауыр мен асқазанды қуаттандырады, желқұзды қуалап, бүйректі жақсартады.
Тауық еті туыттан кейінгі әлсіздіктен айықтыруға пайдалы. Жалпы құс етін табиғатыңызға қарай орынды пайдалана білсеңіз көптеген ауруларды емдеуге болады. Ал, қасиетін дұрыс айыра білмесеңіз айықпайтын ауруларға кірптар ететін жағлайлар да кездеседі. Сондықтан да қазақ халқы «ауру астан» десе керек.
Қырғауыл еті – құрғақ ыстықтық. Сіңімді, қан толтыру, ішкі ағзаларды қуаттандыру қатарлы қасиеттерге ие. Қырғауыл миын кептіріп пайдаланса, үсік тастауға, жарақатқа, нерв әлсіздігіне шипалы ем болады. Тауық пен қырғауыл еті сорпасының қуаты тау мергиясынан да артық. Сондықтан аурудан айыға алмаған әлсіз адамдарға , қуаттандырғыш азық әрі шипалы дәрі.
Ұлар еті – ыстықтық.Ұлар еті денені қуаттандырып, етті жетілдіреді, қан толтырып, қанды тияды. Желқұз бен ревматизімге, асқазан, ішек әлсіздігі мен жарақатқа ем. Ұлардың миы ми аурулары мен нерв әлсіздігінеде жақсы шипа. Сондықтан қазақ халқы ертеден «ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?» деген тәмсіл арқылы ұлар етінің дәрілік қасиетіне тамаша баға берген.
Торғай еті. Құрғақ, ыстықтық қасиетке ие. Зиянсыз, уытсыз. Торғай етінің денені қыздыру, семірту, сіңірді күшейту, жүректі қуаттандыру және бүйректі қызметін дұрыстау рөлі бар. Торғай еті піскеннен кейін анар жеміс шырынынан немесе сірке суынан қосып жесе тез сіңеді. Суықтан болған әрқандай ауруға шипалы ем болады. Жыныстық гормонды күшейтіп, шауһатты (сферманы түзейді) көбейтіп, әрекетін күшейтеді. Әсіресе торғайдың миының рөлі ерекше қасиетке ие, тамаша дәрі.
Бөдене еті жылылық қасиетке ие. Еті дәмді болып, денені қуаттандырып, ішкі құрылысты жақсылайды. Демікпеге пайдалы. Сүйек бұлшық еттерін жетілдіріп, сіңірге қуат береді. Өкпеге, көкабуырға пайдалы. Бөдене жұмыртқасы денені жұмсартып, адам клеткаларын қуаттандырады.
“Жас-Ай” медициналық ақпараттық журналы
Жіберіп алмаңыз:
Қыс уақытында қалай дұрыс тамақтану керек
Көздің қанталауы: себебі мен айығу жолдары
Жауқазынды туберкулез бен дененің сарғаюына қарсы ем ретінде қолданады
Бетіңізге түскен әжімдер арқылы қай мүшеңіз ауыратынын біле аласыз

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
