Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәуелсіз Қазақстанның болуы мүмкін емес": Ресейлік идеолог посткеңестік елдерді Мәскеуге бағынуға шақырды

Александр Дугин

Видеодан скриншот

Ресей философы және идеологы Александр Дугин посткеңестік кеңістіктегі тәуелсіз мемлекеттер дәуірі аяқталды деп мәлімдеді. Эфирде ол Қазақстан мен бірқатар бұрынғы кеңестік елдердің егемендігін тартып алуға шақырып, Мәскеудің бақылауындағы жаңа одақ құруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дугиннің айтуынша, Ресей өзгермелі әлемдегі негізгі билік орталығына айналып, стратегиялық маңызды деп санайтын аумақтарға ықпал етуі керек. Ол Ресейдің бақылауында емес кез келген ел болашақта басқа геосаяси ойыншылардың пайдалануына ұшырайды деп мәлімдеді.

"Біздің мақсатымыз – осы үш полярлы әлемде ең маңызды билік орталығына айналу. Егемен, еркін, тәуелсіз. Ал біз бақылауымызға алмаған барлық аумақ бейтарап болып қалмайды", – деді Дугин.

Ол тәуелсіз ел ретінде өмір сүруі қолайсыз мемлекеттерді нақты атап өтті. Олардың ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзірбайжанды атады.

"Біз Арменияның, Грузияның немесе Әзірбайжанның, Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның немесе Қырғызстанның егемен ел болуын қабылдай алмаймыз" деп айтты.

Оның пікірінше, бұлар Ресейдің бақылауындағы бірыңғай одаққа айналуға тиіс.

"Бұл жаңа модельде егемендік деген болуы мүмкін емес. Олар не біздің бақылауымызда, не біздің Бірыңғай Одақтың құрамында болады, не Батыстың, не Еуропалық Одақтың, не Американың, немесе белгілі бір жағдайларда Қытайдың тірек нүктесіне айналады", – деді ол.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 11:32