Тәуекел Мүслім анасымен қажылыққа барды
Белгілі актер Тәуекел Мүслім анасы екеуі Меккеге қажылық парызын өтеуге барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/mussilim
Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазып, суреттер жүктеді.
“Құрметті жамағат, өздеріңіз көргендей, анамды қасиетті мекенге алып келдім. Анам дән риза. Бір нәрсені айтқым келеді, ата-анаңыздың қауқары бар кезде Алла алдындағы ақысын өтеуге мүмкіндік жасаңыз. Себебі жасы ұлғайған сайын бұл мүмкіндік ата-анаңыздан және сізден алыстай береді”, – деп жазба қалдырды Тәуекел.
Актердің анасының суретін көрген желі қолданушылары оны Тәуекелдің жары Махаббатқа ұқсатқан.
“Әйеліңіз анаңызға ұқсайды екен”, “Жұбайыңыздың анасы екен деп ойлап қалдым”, “Ер адам анасына ұқсайтын қыз іздейді” деп бекер айтпаған”, – деп пікір қалдырды желідегілер.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін