Тәуекел Мүсілім Түркияда құжаттары мен ақшасын жоғалтып алған
Тәуекел Мүсілім Түркия еліне қыдырып барып, бар құжаттары мен ақшасын, мотоциклін жоғалтып алған. Ұрлықшылардың құрбаны болдым деп ойлаған актер бірнеше сағаттан кейін заттарын қаз-қалпында тапқан. Бұл туралы продюсер Алуа Қонарова Ardak Alanya арнасына берген сұхбатында айтты.

"Жақында Тәуекел Мүсілім келді. Көшелерді шатастарып, мопеді мен барлық құжаттарын, ақшасын бір көшеде қалдырып кеткен. Түнде бірнеше сағат іздедік.
"Баспана мен азық-түлік арзан": Танымал қазақ продюсері Түркияда тұрудың артықшылықтары жайлы
Ол ұрлап кетті деп ойлады. Ондай мүмкін емес, қылмыстың деңгейі өте төмен, дедім. Көшелерді шатастырған шығарсың десем, жоқ дейді. Ақыры таптық. Тұрған жерінен таптық. Ілулі тұрған барсеткасы, карталары, ақшасы бәрі орнында.
Қанша сағат тұрды?! Одан кейін жүгірген, шомылған, кешкі ас ішкен. 4-5 сағат тұрды, ешкім тиіспеген”, – дейді Қонарова.