Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім “продюсерімен көңіл қосты” деп сынағандарға жауап берді

Тәуекел Мүсілім – бүгінде еліміздегі сұранысқа ие актер. Тіпті, бұл күндері жұрт “Тәуекелсіз телехикая мен клип түсірілмейді” деп қалжыңдайтын болған. Расында солай! Алайда мұндай жетістікке Тәуекел бір күнде жете салған жоқ, деп жазады Stan.kz.

Тәуекелдің өнер жолындағы табысына оның продюсері Жанна Әбуованың сіңірген еңбегі зор. Жомарт жанды Жанна ханым, тіпті, Тәуекелге қымбат маркалы Range Rover автокөлігін сыйға тартқан. Соған қарап жұрт продюсер мен жас жігіттің арасында жақын байланыс бар деп ойлайды. Бұл сынға Тәуекелдің берер өз жауабы бар.

“Иә, Range Rover автокөлігін продюсерім Жанна Әбуова сыйға тартты. Жалпы бұл көлікті мен қалаған жоқпын. Бірақ продюсерім қоймай қойды. Себебі оның айналасындағы адамдар сынай бастаған. Бір жолы әріптестерінің бірі: “Тәуекел сенің жобаң, неге ол арзан көлік мініп жүр?” деп мін таққан. Ол кезде мен Toyota Camry-35 көлігін айдап жүрген едім. Оны өзім жинаған ақшаға сатып алған болатынмын. Ал әлгі әріптесінің сөзі менің продюсерімнің шамына тисе керек-ті. Сол шақта ол өзіне “Ягуар” көлігін, ал маған Range Rover алып берді. Бірақ біз кейін сөйлесіп, ол ақшаны қайтарамын деп келістік”, – деп түсіндірді Тәуекел.

Бұдан өзге, актер продюсеріне деген қарызын таза еңбекпен қайтарып жүргенін атап өтті. Осылайша сымбатты актер өзін продюсерімен қосып қойған жандардың арам ойламауын сұрады.

Тәуекелдің сұхбатын толық нұсқада мына сілтемеге өту арқылы тамашалай аласыздар.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Балғабаева алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты

Төреғалидің үйлену тойы отандық арнадан тікелей эфир арқылы көрсетілмек

Нұржанды “Капкарашка” есімінен бас тартуға мәжбүрлеген кім?

 

Талқылау