Ташкентте жүлдесіз қалған отандық дзюдошылар енді Тбилисиге аттанбақ

Ташкентте жүлдесіз қалған отандық дзюдошылар енді Тбилисиге аттанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20-22 наурыз аралығында отандыө дзюдошылар Грузия астанасы Тбилисиде өтетін “Гранд-Слэм” турнирінде бақ сынайды.
Айтулы додада дзюдодан жылдың үшінші “Үлкен дулыға” турнирі.
Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан 12 дзюдошы бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы:
60 кг дейін:
Мағжан Шамшадин
Талғат Орынбасар
66 кг дейін:
Нұрқанат Серікбаев
Ақылжан Жұбатқанов
73 кг дейін:
Аңсарбек Ғайнуллин
Әнуар Жұмагелдин
81 кг дейін:
Асқар Наркулов
Мәди Амангелді
90 кг дейін:
Барақ Арқабай
100 кг дейін:
Бақжан Байтас
Бейбіт Мадеев
100 кг жоғары:
Еламан Ерғалиев
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама дзюдошылары 2026 жылдың басында Парижде өткен “Гранд-Слэм” турнирінде 3 қола жүлдені қанағат тұтқан. Ал Ташкенттегі “Гранд-Слэм” турнирінде басым көбі алғашқы айналымнан әрі аса алмаған еді.
Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі “Гранд-Слэм” турнирінде жаппай жеңіліп, жүлдесіз аяқтады
Ташкент “Гранд-Слэм” турнирінде қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңілді
Тіпті олардың қатарында елдің ең үздік дзюдошылары Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин болды. Ешқайсысы жүлдеге іліне алмады.
Енді бұл Тблисидегі додада ел дзюдошылары үшін өздерін дәлелдеуге берілген кезекті мүмкіндік болмақ.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген