Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте әйелдің 8 наурызға арналған сыйлығын тартып алып, оны ұрлық жасады деп айыптаған

Ташкентте Яшнабад ауданының абаттандыру қызметкерінің 8 наурыз мерекесіне алған сыйлығын тартып алған. Ұйымдастырушылардың бірі әйелді ұрлық жасады деп ойлаған. Бұл жағдайға ренжіген әйел видеоүндеу жазып, жағдайды баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рodrobno.uz

Әйел өз үндеуінде абаттандыру қызметкері іс-шара аяқталып, адамдар тарап жатқан кезде сыйлықты қолынан жұлып алғанын айтты. Ол өзгенің затын алмағанын ерекше атап өтті.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін қалалық билік дереу әрекет етті. Әйелге Ташкент қаласы әкімінің орынбасары Шахноза Сұлтонова, Яшнабад ауданының әкімі Бахтиёр Рахманқұлов және басқа да ресми тұлғалар барып, кешірім сұрап, мерекемен құттықтап, жаңа сыйлықтар табыстады.

Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды. Әйелге кінәлі адамды тауып, оны жауапқа тартуға уәде берілді.



Еске салайық, бұған дейін 8 наурыз мерекесінен кейін Қазақстандағы танымал жарнама қызметтерінде жаппай косметикалық дүкендерге, SPA салондарға сертификаттар мен гүлдер сатылып жатқанын жаздық. Бірі хабарландыруға қауызы ашылмаған гүлдерін қойса, енді бірі түрлі сомадағы сертификаттарды жариялап жатыр. Автор сыйлық сертификатының жаңа екенін айтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімін де көрсетуді ұмытпапты.

Талқылау