Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкент “Гранд-Слэм” турнирінде қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңілді

Нұрқанат СерікбаевФото:ҰОК

Дзюдодан жылдың екінші “Гранд-Слэм” турнирінің алғашқы жарыс күнінде  қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы болып жарыс жолына шыққан 60 келіде Мағжан Шамшадин Бахрейн елінің өаілі Руслан Полторацкийдің ұстау әдісіне түсіп, жарыс жолынан шығып қалды.

60 келіде бақ сынаған тағы бір отандасымыз Талғат Орынбасар өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровтан айласын асыра алмады.
Ал 66 келіде Нұрқанат Серікбаев тағы бір өзбек балуаны Бобур Ваджиевтен ұтылды.

Осы салмақтағы екінші дзюдошымыз Ақылжан Жұбатқанов та бразилиялық Рональд Лимаға жол берді.

Енді 28 ақпан күні ел құрамасынан 73 және 81 келіде салмақта тағы төрт дзюдошымыз ел намысын қорғайды.

Бұған дейін жылдың басында Парижде өткен  Үлкен дулыға турнирінде дзюдошыларамыз үш қола жүлдені қанағат тұтқан еді.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 27 Ақпан, 2026 18:13