Ташкент “Гранд-Слэм” турнирінде ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды

27 ақпан мен 1 наурзы аралығында дзюдодан жылдың кезекті “Гранд-Слам” турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтулы дода Ташкенттегі “Хумо Аренада” өтеді. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын 13 ер спортшы және бір әйел спортшы қорғайды.
Ерлер:
60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар;
66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов;
73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин;
81 кг: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді;
90 кг: Барақ Арқабай;
100 кг: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев;
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев;
Әйелдер:
+78 кг: Назгүл Маратова.
Айта кетейік, бұған дейін Парижде өткен “Гранд-Слэм” турнирінде қазақстандық дзюдошылар үш қола жүлде еншілеген. Олар 60 келіде Аман Бақытжан, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, 100 келіге дейін салмақта Нұрлыхан Шархан қола жүлдені місе тұтқан.
Жарысқа әлемнің 40 елінен 380-нен астам спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл дода Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Әлемдік турының маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Турнирде спортшылар әлемдік рейтингке қажетті ұпайлар үшін сынға түседі.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?