Тарихи жүлде: Қазақстандық семсерлесуші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Бразилияда жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық семсерлесуші тарихи жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің атынан сынға түскен Нұрмұхаммед Жайлыбай жекелей сында жартылай финалға жолдама алған еді.
Ол жартылай финалда түрік елінің өкілі Яман Фуркамен өзара мықтыны анықтады. Алайда Нұрмұхаммед тартысқа толы бәсекеде 13:15 есебімен қарсыласына жол берді. Дегенмен жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.
Жарыстан кейін Нұрмұхаммед Жайлыбай қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге алғысын білдірді.
"Мен әлі күнге дейін жүлдеге қол жеткізгеніме сене алмай тұрмын. Бұл өте керемет сезім. Мен үшін ең қиын шайқас жартылай финал болды. Себебі қатты қысыммен қатар маған сенім артып отырған жандапдың үкілеген үмітін абыроймен алып шығу керек болды. Мен бұл жетістігіме өте қуаныштымын. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рақмет!", – деді Нұрмұхаммед Жайлыбай.
Айта кетейік, бұл еліміз үшін тарихи жүлде. Себебі семсерлесуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы дүбірлі дода қазақ спортшысы алғаш рет жүлдеге ілініп отыр.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды