Тараздағы орталық алаң атауы Назарбаевтың құрметіне өзгертілді
Тараз қаласындағы «Достық» алаңының атауы Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді. Тиісті қаулы «Әділет» ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат мәтінінде Жамбыл облыстық әкімдігі мен облыстық мәслихат заңға сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Тараз қаласындағы «Достық» алаңына «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
«Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінеді құжатта.
«Достық» алаңының атауын өзгерту туралы қаулы биылғы жылдың маусым айында бұқара талқысына ұсынылған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"