Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жойқын дауылдан үш адам ажал құшты

29 мамыр күні Жамбыл облысында жойқын жел соғып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1478197171r5jjk_1000x768

Желдің жылдамдығы облыс орталығында 27 м/секундқа дейін жетті. VIII шағынауданда 14 жастағы баланы тоқ соғып, ажал құшты. Тағы бір қыз бала да қазір емханада жатыр. Қазіргі уақытта екі зардап шегушінің қалай тоққа түскені анықталып жатыр.

Облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, XIII шағынауданда екі құрылысшы көз жұмды. Олар құрылыс жүріп жатқан ғимарат ауласында жүрген. Екеуі дауыл соққан сәтте ғимарат шатырына шыққан. Осы кезде қатты соққан жел оларды ұшырып түсірген. Екі құрылысшы да сол жерде қаза болды.

Жел тоқ сымдарын жұлып әкетті. Соның салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз отыр. Бұған дейін аймақтағы төтенше жағдай қызметі тұрғындарға дауылды ескерту жариялаған болатын. Ескерту кезінде желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жететіні айтылды.

Тағы да оқыңыз:

Дауылды ескерту! Қазақстанның кей қалаларында ауа райының қолайсыздығы күтілуде

Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты көшеге шықпауға шақырды

Оңтүстікте өз анасынан оңбай таяқ жеп, бас сүйегі сынған баланың беті бері қарады

Талқылау