Таразда Жаңа жыл түні екі ірі өрт шығып мейрамхана мен тұрғын үйден адамдар эвакуацияланды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Жаңа жыл түні Таразда екі бірдей ірі өрт шығып, көпқабатты үй мен мейрамхана аумағында адамдарды эвакуациялауға тура келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаның біреуі 5-шағынауданда болды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте бесінші қабаттағы балкон мен ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.
"Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді. Оқиға орнында ТЖД-ның вахталық автокөліктері базасында тұрғындар үшін жылыту пункттері ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.
Өрт орнында ТЖД басшысының жетекшілігімен өртті сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Пікірлерде пайдаланушылар өрттің жергілікті тұрғындар атқан салют салдарынан шығуы мүмкін екенін болжап отыр. Нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
-
"Жарықтандырылған опера, отшашу мен аза тұту": Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алды
-
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Қалалық ТЖД мәліметінше, Жамбыл даңғылында Watson Pub мейрамханасының екі қабатты ғимаратына жапсарлас салынған жазғы алаңда да өрт шыққан.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел шаралардың арқасында өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жақын маңдағы жанармай құю бекетіне таралуына жол берілген жоқ. Өрт 300 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігі жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?