Таразда той серуенінде жүрген жігіттер әуеге оқ жаудырған
Таразда той кезінде автоматтан оқ атылды. Іркес-тіркес той кортеджінің қатысушылары әуеге оқ жаудырып, төңіректегі тұрғындардың зәре-құтын қашырған,-деп жазды Алматы арнасы.
Көрнекі сурет.
Жергілікті полицейлер суық қару пайдаланған күдіктілерді көп ұзамай тұтқындады. Екі адам қамауға алынған. Ал тәркіленген қаруларға балистикалық сараптама тағайындалды. Анығы – жас жігіттер пайдаланған қару өздеріне тиесілі емес екен.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы 4-бөлімі бойынша және 293 бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару мен қару-жарақтарға сараптама тағайындалды.
Жауап алу барысында екі күдікті кінасын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», – деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы Ботагөз Темірбаева.
Оқи отырыңыз:
Қостанайда қоқыс арасынан шала туған нәрестенің денесі табылды
Астана әуежайының маңдайша жазуы Nursultan Nazarbayev деп өзгертілді