Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда тастанды баланың ата-анасы іздестірілуде

Таразда тастанды баланың ата-аналары іздестіріліп жатыр. Құзырлы органдар көшеден табылған үш жасар Әлиханның жақындарын жеті күннен бері таппай отыр. Облыс көлемінде іздеуде тұрған адамдардың тізімін толық тексергеннен түк шықпапты. Соған қарағанда баланың туыстары басқа қалада болуы мүмкін деп жорамалдайды.

3

Бұл туралы “31” арна хабарлайды.

Тілі толық шықпаған бүлдіршін тек анасының атын Алтынай деп атайды. Айтуынша, Алматы қаласынан Таразға апасына қонаққа келіпті. Балақай жат жерді жатырқамаса да анасын сағынған. Көшеде қалған жерінен бейімдеу орталығына полиция киімін кигендер әкелгені есінде. Бала көңілде қызметтік киімімен барған прокурор енді анасына алып кетеді деп сеніп, сыртқа прокурордың қолынан жібермей еріп жүр.

“Табылған жағдайда ата-анасы неліктен баланы тастап кету себептері анықталады. Ары қарай заң жүзінде қарастырылған әкімшілік, құқық бұзушылық немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Табылуына қарай шешім қабылданады”, – дейді Жамбыл облыстық прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.

Естеріңізге сала кетсек, қарағандылық бір қолы жоқ жетім баланы канадалық азаматтың асырап алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау