Таразда сот төрешісі пара алып жатқан жерінен ұсталды
Таразда сот төрешісі пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік және соттарда жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп сот төрешісін қылмыс үстінде ұстады.
Сот төрешісі мүлікті бөлу жөніндегі азаматтық істің орындау қағазын беру үшін жеке тұлғадан ақша сұаған. Судья кінәсін мойындады. Қамауға алынған жоқ. Қазір тергеу жүіп жатыр.
Тағы оқыңыз:
Павлодарлық түлектер әлемдегі үздік университеттерде оқуға мүмкіндік алды
Талқылау