Таразда қолдан арақ жасап сатып келген ер адам ұсталды
Таразда қолдан арақ жасап сатқан күдікті ұсталды. Ол алкогольді ішімдікті үйінде дайындап, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.
Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.
Оның пәтерін тексеру кезінде арақтың 10-нан астам түрі табылып, 600 шөлмектен астам заңсыз өнімнің сатуға дайын тұрғаны анықталды. Одан бөлек бос шөлмектер, қақпақтар мен спирт өлшеуге арналған ыдыс тәркіленді.
Экономикалық тергеу қызметі мамандарының мәлімдеуінше, заңсыз дайындалған өнімдер айналымға шығып кетуі мүмкін. Сондықтан жіті тексеру жүріп жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, өңірде жыл басынан бері осындай 4 дерек тіркелген.
“Акциздік маркалар, тағы да басқа заттар қай жерден алынғаны тергеу барысында анықталады. Оның ішінде Қазақстан маркасы бар коньяк, Финляндия арағы және тағы да басқа алкогольді өнімдер бар. Қазіргі таңда бұған дейін алкогольдік өнімдерін қай жерге өткізгеніне тексеру жүргізіп жатыр”, – деді облыстық МКДЭТҚ тергеу басқармасының басшысы Бақытжан Бегенов.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда түн ішінде пәтерге басып кіріп пышақпен қорқытатын ұрылар ұсталды
Ерекше құбылыс: Жұбановтың «Қарлығаш» әні орындалғанда Стадион үстінде құстар қалықтап кетпей тұрды
Ақтөбенің қыздары тәш-тәш-тәш: Желіде хит болған әннің жаңаша түрі пайда болды (видео)
Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті