Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің 79 том қылмыстық ісі қаралады

Таразда кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтеді. Сотта Мұратхан Тоқмәдидің 79 том қылмыстық ісі қаралады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Соттың ақпараты бойынша, көлемі 79 том болатын іс Бас прокуратурадан 5 ақпан күні өндіріске түскен.

Қылмыстық істі судья Азамат Тілепов қарайды.

Еске салайық, «Депутаттық корпус» қылмыстық тобының жетекшісі М.Тоқмәди 2017 жылдың қазанында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен бопсалаушылық жасағаны үшін және заңсыз қару-жарақ алғаны үшін сотталған еді. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың қазанында шыққан сұхбатында сотталушы М. Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті 2014 жылдың 19 желтоқсанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар стансасы маңында аңшылыққа шыққан кезде өлтіргенін және қылмыс жасауға қашқын олигарх Мұхтар Әбілязовтің тапсырыс бергенін мойындаған. Бұдан бөлек, жемқорлық жасағанын – ҚР ІІМ Тергеу-жедел тобының басшысы Ержан Артықбаевқа ақшалай сыйақы бергенін де мойнына алған.

Енді М.Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылуда.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда атеистердің сенімін қорлағандарға айыппұл салынуы мүмкін

Еліміздегі рақымшылық тек шенеуніктерге арналған ба? 

Кабулда қаза тапқан қазақ жігітінің ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды 

Өскемендік әйел өзіне жақсылық жасаған басшысының үйін тонап кеткен  

Талқылау