Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда із-түссіз жоғалған келіншек пен 17 жастағы жеткіншек іздестіріліп жатыр

Тараз қаласының Ішкі істер басқармасы із-түссіз жоғалған келіншек Өсербаева Меруерт Серікбайқызы мен Мадреймов Жанболат есімді жеткіншекті іздестіріп жатыр.

volga-1

Өсербаева Меруерт 1991 жылы 5 қыркүйекте туған. Ол 7 қаңтарда үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.

Негізгі белгілері: бойы – 160-165 см, арықша келген, шашы қара, ұзын. Сұр түсті күртеше мен қара шалбар киген. Аяғында спорттық қоңыр түсті кроссовкиі болған.

volga-4

Сонымен қатар 17 жастағы жеткіншек Мадреймов Жанболат Телағысұлы іздестіріліп жатыр. Ол 2000 жылы 25 қазанда өмірге келген. Жанболат Тараз қаласының Қарасу ықшамауданындағы үйінен 2016 жылдың 20 қазанында шығып кетіп, қайта оралмаған. Белгілері: Бойы – 145-160 см. Арықша келген, шашы қара.

Қандай да бір мәлімет білген жағдайда 34-36-35 немесе 102, 8-771-231-70-00 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Облыстық ІІБ ол үшін сыйақы берілетінін ескертеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік әйел тергеушімен интимдік қатынасқа барғанын сот кезінде айтып берді

Қызылордалық азамат сағатына 200 шақырым бағындыратын Волга көлігін жасап айдап жүр (фото)

Полиция жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған қызға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр

Талқылау