“Полицей ақшасын алып, жібере салған”: Таразда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты (видео)
Таразда жедел жәрдем жүргізушісі мен ер адамның төбелелесіп жатқан видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Видеода полицейлердің ер адамдарды ажыратып жатқанын байқауға болады.
“Мас күйінде көлік жүргізіп, әйелін перзентханаға әкелген ер адам жедел жәрдем жүргізушісін себепсіз ұрып жіберген. Түсіріп тұрған мен фельдшермін. Полицей ақшасын алып, ер адамды жібере салды", — делінген видеоның астындағы жазбада.
Еңбек демалысы үшін жанжалдасқан: Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкері әріптесінің үйін өртеп кеткен
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамға қатысты шара қолданылғанын алға тартты.
"Бұл видеоға қатысты полиция қызметкерлері арыз тіркеді, құжаттар сотқа жіберілді. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды", – деп хабарлады полиция басқармасы.
Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысындағы Степногорск қаласында жедел жәрдем қызметкері Светлана Оксютаға міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасалғанын жазғанбыз.