Таразда демалыс кешеніне кіре алмаған жас жігіт күзетшіні пышақтап кетті (видео)
Тараздағы сауықтыру орталығында болған текетірес кісі өлімімен аяқтала жаздады. Біреу демалыс орнына баса-көктеп кіріп, күзетшіге бірнеше жерінен пышақ ұрған. Сөйтіп өзі оқиға орнынан із суытыпты, деп хабарлайды КТК.
Оқиға адам көп жіретін «Алнұр» бассейнінде болған. Мына кадрларда ішке белгісіз екі азамат кіріп, амандасып болған соң ай-шайға қарамастан күзетшінің біріне бірнеше жерден пышақ ұрғаны көрініп тұр. Сосын олар алды-артына қарамай тайып тұрады. Ал жамбасының екі жерінен жарақат алған 21 жастағы жігіт шұғыл ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер. Ал тапа-тал түсте адам пышақтаған 19 жастағы жігіт Тараздың тұрғыны екен. Ол көп ұзамай ұсталды. Күдікті әлгіндей әрекетке күзетші демалыс орнына кіргізбей қойғаны үшін барғанын айтқан.
“Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде”, – дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы Құндыз Бөгенбаева.
Тағы да оқыңыз:
Ақмола облысында бір отбасы жол апатына түсті
Бір жарым жасар сәби үстіне теледидар құлап мерт болды
Күйік шалған 23 жастағы келіншек көпшіліктен бетін қалпына келтіруге көмек