Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда бес күн бұрын жоғалған 27 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

Жамбыл облыстық ІІД бес күн бұрын 27 жастағы әйелдің жоғалғанын хабарлады.

20170131174549

«Жамбыл облыстық ІІД криминалды полициясы із-түссіз жоғалған 27 жастағы Абдуазимова Шахноза Ильхомқызын іздеп жатыр. Ол 1990 жылы 4 сәуірде өмірге келген. Тараз қаласының тұрғыны. 27 қаңтар күні Мамбет батыр көшесіндегі «Ауыл-Береке» базарынан шығып, қайта оралмаған», – делінген хабарламада.

Негізгі белгілері: бойы 160-165 см, орта бойлы, коңыр көзді, шашы қара. Негізгі ерекшелігі – бетінің сол жағында меңі бар. Жасыл-сұр түсті куртка киген. Басында қара орамалы бар. Аяғында жүнді қою түсті аяқ киімі болған.

Мәлімет бойынша, Ол «Бек» базарынан шығып, аялдамаға барған. Өзімен бірге «Самсунг» телефоны болған. Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық қыздарға шетелде жезөкшелік қызмет ұсынылуда (фото)

Шымкентте такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытып, көлігін мініп кеткен

Ақтөбеде майор сотталушыларды ұстау кезінде фантастикалық кинолардағы трюкты қайталаған

Талқылау