Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жыл бойы өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмаған тараздық полицияны сотқа берді

Тараз қаласы тұрғынының 2019 жылдың қыркүйегінде Халыққа қызмет көрсету орталығына қайта тіркелуге және жеке куәлігін ауыстыруға өтініш берген. Алайда ХҚКО оның Ресей азаматтығын алғанын алға тартып, өтінішін қабылдамай қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz/situations

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тараздық тұрғын Ресей азаматтығын алғандықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын айтып, оған ішкі істер министрлігінің дерекқорындағы жазбаны көрсеткен.

“2019 жылдан бері ол Ресей азаматтығын қабылдамағанын айтып, бірнеше рет полицияға хабарласқан. Осылайша, өтініш беруші 3 жыл бойы өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмаған”, – деліген Жоғарғы сот хабарламасында.

Біраз жылдан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігі 2023 жылы мамырда тексеру барысында талап қоюшының Ресей азаматтығын алуға өтініш бермегенін айтып, Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің ақпараттық жазбаларында оның азаматтығын алғаны туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеді. Осы хат пен қызметтік тексеру қорытындысы негізінде полиция департаменті талап қоюшының жеке куәлігінің жарамды деп тапты.



Үш жыл бойы сарсаң болған тараздық қалалық сотқа жүгініп, полиция департаментінің үстінен арыз түсіріп, моральдық шығын үшін 3 миллион теңге төлеуін талап етті. Ал полиция департаменті азаматтықтан шығару туралы тіркеуді шетелдік мекеме – Ресейдің Федералды миграциялық қызметі жасаған деп кінәсін мойындамады.

“Сот тараздық тұрғынның өтініштерін уақтылы қарамаған. Сөйтіп полиция қызметкерлерінің 3 жылдан астам уақыт бойы оның конституциялық құқықтарын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қолданбауы, нәтижесінде талап қоюшы ұзақ уақыт бойы нақты құқықтық мәртебесіз қалдырды деген қорытындыға келді. Осылайша, талап қоюшының талаптары ішінара қанағаттандырылып, ол полиция департаментінен 300 мың теңге моральдық шығын өндіріп алды”, – делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру үшін мемлекеттік тілді білу туралы сертификат талап етілетіні туралы жазған едік.

Талқылау